Елордада көмір 12 жерде сатылып жатыр. Бағасы 9 500-ден 13 200 теңге аралығында

astana.gov.kz
Әкімдік тұрғындарға ұзын-сонар кезек қалыптастырмас үшін жылу беру маусымы басталғанға дейін көмірді алдын ала сатып алуды ұсынады.

Елордада көмір 12 жерде сатылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Нұрсұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік тұрғындарға ұзын-сонар кезек қалыптастырмас үшін жылу беру маусымы басталғанға дейін көмірді алдын ала сатып алуды ұсынады.

Айта кетсек, елорда әкімдігі Нұр-Сұлтанда көмір сататын компаниялармен қара отын бағасының өсуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойды.

"Қалада 12 жерде көмір сатуды қамтамасыз ететін 7 компания бар. Аталған орындарға қалаға әкелінетін көмірдің негізгі бөлігі жеткізіледі және осы жерден көмір саудасы жүзеге асырылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барша тұрғындарды көмір сатып алуды алдын ала қамтамасыз етуге шақырады. Күн суығанда көмірді жұрттың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезектер туындауы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін біз қыркүйек айынан бастап халықты көмір сатып алуға шақырамыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Белгіленген бағаларға сәйкес, елордадағы көмірдің орташа құны:

Шұбаркөл тоннасына – 13 200 тг;
Қаражыра тоннасына – 13 500 тг;
Майкөбе тоннасына – 12 000 тг;
Богатырь көмірі тоннасына – 9 500 тг.

"Қазіргі уақытта біздің қоймамызда 800 тоннаға жуық Шұбаркөл көмірі мен екі мың тоннаға жуық Майкөбе бар. Ешқандай кезек жоқ, адамдар бізден негізінен Көктал-1, Көктал-2 Агроқалашық тұрғын аудандарынан сатып алады. Бірақ, биыл олардың барлығы газға қосылады. Көмір қыс бойы жеткізілетін болады", - деді "Бек-Айда" ЖК қойма меңгерушісі Дулат Құсайынов.

Сондай-ақ, 109 нөмірі бойынша "жедел желі" құрылды, ол арқылы қала тұрғындары көмір сататын орындардағы қара отын құны мен қорлары туралы біле алады. Бұл ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады