Жауын-шашын күрт тыйылады. Алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамы

Сурет: zakon.kz
Солтүстіктен жылжып жеткен суық антициклон жауын-шашынның кілт тыйылып, ауа температурасының батыста, содан кейін республикамыздың қалған аумағында төмендеуіне әкеліп соғады.

Синоптиктер 18-20 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Солтүстіктен жылжып жеткен суық антициклон жауын-шашынның кілт тыйылып, ауа температурасының батыста, содан кейін республикамыздың қалған аумағында төмендеуіне әкеліп соғады. Демалыс күндерінің басында ғана Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа-райы сақталып, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республикамыздың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 градус үсік жүріп. кейінгі күндері ол +10, +1-13 градуспен аймасады, күндіз +13-20-дан +15-23 градусқа дейін сынап бағаны аздап көтіреді. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометр -3-тен +5 градусқа, күндіз +7-15 градусқа көтеріледі, керісінше шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +10-18 градустан +2-10 градусқа, күндіз +20-28-ден +10-18 градусқа дейін төмендейді. Ал республикамыздың оңтүстігінде: түнде +10-20, күндіз +25-30-дан +17-25-ке дейін төмендеп, жалпы күн жылы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін