Қазақстанда ресейлік зымыран сынақтан өтті

видеодан кадр
Сынақтар Сары-Шаған полигонында өтті.

Ресейдің аэроғарыш күштері Қазақстан полигонында зымыранға қарсы қорғаныстың жаңа жүйесін сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сынақтар Сары-Шаған полигонында өтті.

Зымыранға қарсы қорғанысқа арналған жаңа зымыран өзіне жүктелген қасиеттерін растады. Жауынгерлік экипаждар берілген дәлдікпен шартты нысанаға тиіп, тапсырманы сәтті орындады, - деді Ресей Аэроғарыш күштерінің зымыранға қарсы қорғанысының қолбасшысы генерал-майор Сергей Грабчук РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында.

2017-2021 жылдар аралығында Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы жаңа қорғанысты тексеру үшін он рет ұшыру сынағы жасалды.

Жайна Тәттімбетова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды