Қазақстанда кезекті қаржы пирамидасы әшкереленді

Зардап шеккендер анықталуда.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды әртүрлі жолдармен жасырады. Бұл зергерлік бұйымдарды, туристік жолдамаларды, бағалы қағаздарды сатып алу/сату қызметтері, сондай-ақ криптовалюталар мен биткоиндерді сатудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ретте, олар көздейтіні тек қана бір мақсат – сенгіш азаматтарды "табысы тым жоғары" жобаға алдап тарту, ал жоба елеулі қаржы шығынадрына әкеп соғады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті "Антарес" қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке тартқан. Бірақ іс жүзінде олар қаражатты қайта бөлу және бір қатысушыларды басқа салымшылардың жарналары есебінен байыту арқылы табыс тауып отырған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аумақтық департамент барлық зардап шеккен адамдарды және келтірілген залал сомасын анықтауға бағытталған шаралар қабылдап келеді.

Осыған байланысты, аталған пирамиданың қызметіне ақшалай салымдарды жүзеге асырған барлық азаматтардың Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 43 мекенжайы, +7 7172 76 79 33 телефоны бойынша ҚМА аумақтық департаментіне жүгінуін сұраймыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: