ЕҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің директоры тағайындалды

ЕҚДБ
Ол өз қызметіне қыркүйекте кірісіп, банктің Алматыдағы өкілдігінде жұмыс істейді.

Хусейн Озхан Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Қазақстандағы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өз қызметіне қыркүйекте кірісіп, банктің Алматыдағы өкілдігінде жұмыс істейді.

Түркия азаматы Хусейн Озхан ЕҚДБ-да 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Ол Анкарадағы ЕҚДБ кеңсесін басқарып, банктің Түркия бойынша өкілдігі төрағасының орынбасары болған деңгейіне дейін осы банктің инфрақұрылымының әртүрлі бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды. Жақында ол Банк операциялар бойынша вице-президенттің кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Озхан Макалестер (Миннесота, АҚШ) колледжінің экономика және математика бакалавры, халықаралық сауданы қаржыландыру магистрі және Editep университетінің докторантурасының кандидаты (Түркия).

ЕҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің жаңа басшысы Озхан осы қызметте соңғы 4,5 жыл жұмыс істеп келген доктор Агрис Прейманистің орнын басты. Ал ол, өз кезегінде ЕҚДБ-ның Орта Азия бойынша басқарушы директорының кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі