Бұл туралы брифинг барысында ШҚО жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дидар Болатұлы мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол Жер Кодексінің 23-бабына өзгерістер енгізілгенін еске салды. Атап айтқанда бұл бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылды:
"1-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке және уақытша жер пайдалануға берілмейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуі шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптарын халықтың қандай да бір ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) тұрғызу құқығынсыз, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және шөп шабу үшін пайдалануына жол беріледі".
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес жер учаскесі меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен не сот шешімі бойынша мүлікті тең бағамен өтеген жағдайда ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы мүмкін. Ерекше жағдайлар деп мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге тәсілінің болмауы түсініледі.
Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың ерекше жағдайларының бірі қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер беру болып табылады.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын өтеу мәселесі бойынша иеліктен шығарылатын жер учаскелерін бағалауды "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңда регламенттелген, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару тәртібіне сәйкес жергілікті атқарушы орган жүргізеді деп айтқым келеді, деді ол.
Жер учаскесінің, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылған жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны олардың нарықтық құны мен меншік иесінің жоғалтқан пайданы қоса есептегендегі барлық шығындарының мөлшерінде анықталады. Мүліктің нарықтық құны Заңның ережелеріне сәйкес тәуелсіз бағалаумен анықталады.
Бүгінгі күні облыстың жергілікті атқарушы органы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын өтеуге бюджет қаражатын көздемеген.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару – бұл бір реттік рәсім емес екеніне, бұл алып қою туралы мүліктің меншік жазбаша хабарлама жіберу, жер учаскелерін алып қою немесе айырбастау бағасын, мерзімін анықтау үшін келісу рәсімдерін жүргізуге уақыт болжанатынына тағы да назарыңызды аударамын. Ал жергілікті атқарушы орган келісу рәсімдерін жүргізу алдында әкімдіктің жерді мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулы қабылдауға және осы қаулыны БАҚ-та және ресми интернет-ресурста жариялауға міндетті.
Яғни, алып қою рәсімі ашық, мөлдір, шарттар тараптардың келісімімен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде - сот арқылы айқындалады.