Медициналық мекемелерде фото, видео түсіруге енгізілген шектеудің күші жойылды

zakon.kz
Жаңа қаулы 20 қыркүйектен бастап өз күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері өзінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысы бойынша медициналық мекемелерде суретке, видеоға түсіруге салынған шектеулердің күшін жойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантинге жатқызған үй-жайларда науқастар мен медициналық қызметкерлерді, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің үйде медициналық көмек көрсетуі кезін, індет ошағында эпидемиологиялық тексеру жүргізу сәтін, сауалнама жүргізу және науқастар мен байланыстағылардан жауап алуды олардың келісімінсіз аудиоға, фото мен видеоға түсіруге қатысты қарастырылған шектеу алынып тасталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек