Ғалымдардың соңғы зерттеулері темекі шегу мен COVID-19-бен ауыр сырқаттану мен өлімнің жиілігі арасындағы байланысты анықтады. Темекі шегетіндердің коронавирустың ауыр түріне шалдығу ықтималдығы 1,4 есе жоғары, ал реанимация бөліміне түсу немесе өлім ықтималдығы шамамен 2,4 есе жоғары екен, деп хабарлайды zakon.kz.
Ең алдымен COVID-19-дың әсері өкпеге тиеді. Шылым шегетін науқастардың қаны өкпені оттегімен толық қанықтырмайды, сондықтан ағзаның коронавирусқа қарсы тұруы қиынға соғады. Бұдан бөлек, темекі түтінінен зақымданған өкпе өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, қатерлі ісік және эмфизема сияқты инфекциялық емес аурулардың дамуына апарады.
2021 жылдың мамырында Оксфорд-Дания зерттеуі темекі шегу коронавирустан емделушілер үшін тәуекелді арттыра ма деген сұраққа нүкте қоюға тырысты.
Зерттеуге 402 978 адам қатысты. Олардың жартысы ешқашан темекі шекпеген, 34% ұзақ уақыт темекі шегіп, тастап кеткен, 9,9% әлі де темекі шегеді.
Ғалымдар көптеген созылмалы аурулар мен COVID-19-тың ауыр түрі бұрын темекі шеккендер мен әлі де шегетіндер арасында жиі кездесетінін анықтады. Темекі түтінінің құрамындағы химиялық заттар метаболизмге әсер етуі мүмкін екен. Темекі түтінінің әсерінен ұйқы безіндегі инсулин түзілуіне жауап беретін бета жасушаларының қызметі бұзылады.
Зерттеушілер 69 жасқа дейінгі темекі шегетіндер ешқашан темекі тұтынбаған жандармен салыстырғанда ауру жұқтыру ықтималдылығы екі есе көп екендігін айтады. Ал 69 жастан асқан темекі шегушілер арасындағы COVID-19 өлімі екі есе жоғары. Сонымен қатар, бұрын темекі шеккендер арасында COVID-19 жұқтыру қаупі әйелдерге қарағанда еркектерде жоғары екен. Бірақ әлі темекіні тастамағандар арасында жыныстық айырмашылықтар табылмапты.
Аталмыш ауруларды жұқтыру қауіпін, өлім ықтималдылығын азайту үшін бір ғана кеңес беріледі. Ол - темекіні тастау.
Мұндай қадам бұрыннан темекі шегетін жандар үшін ауыр болуы мүмкін. Десе де терең әрі жылдам тыныс алу үшін, өкпе қабынуы мен деструктивті процестердің баяулап, тоқтауы үшін осы қадамға барған абзал.
ДДҰ статистикасына сәйкес, миллиард темекі шегушілердің тек 780 миллионы ғана зиянды әдеттен құтылғысы келеді екен. Демек, темекіні ары қарай шегуді жалғастыратын жандардың қарасы көп. Сондықтан, бірден бас тартпай, зиянды біртіндеп төмендеткен жөн. Зиянды әдеттерден туатын зиянды азайтып, денсаулықты жақсартуға бағытталған жоба Қазақстанда жүргізіле бастады.
Темекіні тастай алмайтын немесе тастағысы келмейтін адамдар үшін зиянды азайту жәй темекіден электронды темекіге ауысуға кеңес беріледі. Өйткені - оларда жану процесі жоқ, яғни құрамында зиянды заттар 90%-ға аз. Бұл ұсыныс әр түрлі ел ғалымдары айтатын фактіге негізделген: никотин, тәуелділік тудыратына қарамастан, темекі шегуге байланысты аурулардың негізгі көзі емес. Аурулардың негізгі көзі темекі түтінінде, оның құрамында 6000 -нан астам химиялық элементтер бар, олардың көпшілігі тыныс алу жолдарының жасушаларына теріс әсер береді.
Темекі түтінінің құрамындағы формальдегид, кадмий, азот оксиді және басқа да канцерогендер иммундық жасушалардың қорғаныш қызметін әлсіретіп, ағзаны қорғауға қажетті антиденелерді өндіруді қиындатады. Бұл жағдайда тотықтырғыштарды ингаляциялау өкпенің тікелей зақымдалуына әкеледі және қабыну реакциясын тудырады. Ал ағзаға қажетті липидтер, ақуыздар мен нуклеин қышқылдары әлдеқайда баяу өндірілген соң, мөлшері жеткіліксіз болады. Ал бұл өз кезегінде ағзаның иммундық жүйе ауруларына төзімділігін төмендетеді.
Электронды темекінің зияны аз және зиянды әдеттен арыла алмай жүргендерге темекіні тастауға көмектеседі. Үкімет темекі шегетіндер білгісі келетін шынайы әрі қарапайым ақпарат беріп, оның жоғары деңгейде таратылуын қамтамасыз ете алады. Кейін адамдар баламаға ауысу-ауыспауға шешім қабылдайды. Күрделі ақпараттың қажеті шамалы, дейді Кристофер Рассел, ғалым және Russell Burnett Research and Consultancy Limited (RBRC) директоры.
Жайна Тәттімбетова