Мысырдың қауіпсіздік күштері 11 және 12 жастағы балаларын үйлендіргісі келген ата-аналарды қамауға алды. Каирден 30 шақырым жердегі Умм Хэнан ауылында кәмелетке толмаған балалардың атастырылғаны көпшілікке жайылып, бұл жағдайға билік араласты, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Тойдың өтетіні туралы зергерлік бұйымдар дүкенінің иесі Facebook-те күйеу жігіт болашақ әйеліне үйлену алдында алтын әшекейлер сыйлауға міндетті деп жариялағаннан кейін белгілі болды. Алтын әшекейлерді жігіттің ата-анасы сатып алған. Құдалықты тойлауға келген екі отбасының салтанатты шарасын кенетен полиция келіп тоқтатты, делінген хабарламада.
Ана мен бала жөніндегі ұлттық кеңестің бас хатшысы Сахар әл-Санбатидің айтуынша, балаларды қолдау жүйесінің сенім телефонына үйленгелі тұрған кішкентай балалардың суреттерін әлеуметтік желіден көрген адам телефон шалыпты.
Бұл оқиға Египет конституциясының 80-бабына қайшы келеді. Бұл бап балаларды қорғау туралы және олардың зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе қорлыққа ұшыраған жағдайда үкіметтің араласуын қарастырады, деді ол.
Ата-аналар енді сот алдында жауап береді.
Египет заңында жастарға кәмелетке толғанда ғана үйленуге рұқсат беріледі. Бұрын республиканың ауылдары мен шалғай аудандарында 16 жастан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерді үйлендіре беретін. Соңғы жылдарда Египетте мемлекеттік ұйымдар жұмысқа кіріскен соң, әлеуметтік, моральдық, физикалық және медициналық жағымсыз салдарын ескере отырып, некеге тұрудың жас шектеулеріне көңіл бөле бастады. Кәмелетке толмағандардың некесі заңмен жазаланады.
Дәстүр бойынша, той басталғанша жаңа отбасыға қаржылық мүмкіндіктеріне қарай баспана дайындап береді екен. Мемлекет тууды азайтып, бала санын екеу-үшеумен шектеуге тырысқанмен, ауылдық жерлерде тұратын отбасылардағы балалардың саны алты, кейде одан да асады.
Жайна Тәттімбетова