Қазақстанда тәркіленген мүліктің алып-сатқыштары көп

zakon.kz
Кей пысықтар кепілдегі 9 млн теңгелік пәтерді 4-ақ млн-ға сатып алады.

Алматының Ақбұлақ ықшамауданындағы қанды оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Қоғам екіге жарылды, бірі атудан басқа амалы қалмаған 54 жастағы еркекті айыптаса, енді біреулер оны жақтап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz телеграм-каналдардың біріне сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың бірі Нұрахмет Тұрғанов – әлгі "адам атқыштың" кепілдегі мүлігін сатып алған. Ол 220 шаршы метрді небәрі 15,5 млн теңгеге сатып алыпты. Тұрғанов ел-жұрттың қарызы үшін тәркіленген мүлігін арзан бағаға сатып алумен бұрыннан бері айналысады екен. Мәселен, 2018 жылы ол Алматыдағы Сайын – Төле би көшелерінің қиылысындағы бір бөлмелі пәтерді 4-ақ млн теңгеге сатып алыпты. Ал ондай мүліктің нарықтық құны 9 млн-нан басталатын. Ол жылына ел бойынша осындай жолмен ондаған мүлікті алып-сатқан.

- Қазақстандағы соттар мұндай тірліктерге оң көзбен қарайды, өйткені біздің елде "қораға кіргендердің" тәркіленген дүниесінен бизнес жасаумен айналысатындар өте көп. Ерте ме, кеш пе, дәл кешегідей қайғылы оқиға бәрібір болатын еді, - делінеді хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі