Карантин жеңілдеді – енді қазақстандықтар қайда ұша алады?

Италияға аптасына тұрақты 2 рейс болады.

21 қыркүйектен бастап Қазақстан 16 елге әр тараптан аптасына 114 тұрақты рейстерден тұратын халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірді. Бұл шешімді коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресеймен арадағы рейстер 54 рейске, Түркиямен – 7 рейске, БАӘ – 9 рейске, Өзбекстанмен – 5 рейске, Германиямен – 5 рейске, Мальдив аралдарымен – 3 рейске, Кореямен – 6 рейске Польшамен – 2 рейске, Венгриямен – 1 рейске, Сауд Арабиясымен – 1 рейске өсті, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Чехиямен аптасына 2 рейс, Қытаймен – аптасына 8 рейс, Әзербайжанмен – аптасына 3 рейс қалпына келтірілді.

Италияға аптасына тұрақты 2 рейс, Шри-Ланкаға аптасына 3 рейс, Кувейтке аптасына 3 рейс ұшады.

Қазіргі уақытта авиакомпаниялар ұшу кестесін жасауда.

Рейстер жоғарыда аталған елдердің тиісті өкілетті органдарымен келісіледі.

Ведомствоаралық коммиссия атап өткендей, рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес ұшырылады.

Жайна Тәттімбетова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: