Мектеп құрылысын бақылауды БҒМ құзыретіне беру керек – депутат

Мектептердің химия, физика, биология, география және үйірме кабинеттерінсіз пайдалануға берілуі қаншалықты қисынды?

Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Б.Сартбаев Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай 800 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, 5 мың ауыл, аудан және шағын қалалардағы мектеп қайта модернизацияланып, апатты және үш ауысымды білім беру сұрақтары шешілуі тиіс.

Осы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Халыққа арналған Жолдауында оқушылардың орын тапшылығы динамикасын атап өтіп, жаңа мектептердің құрылысын 1000-ға жеткізуді тапсырды.

Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары жазғы халықпен кездесу аясында білім беру объектілерінің құрылысымен танысып, бүгінгі таңда мемлекеттік қаражат есебінен мектеп құрылысының сапасына, оның ішінде жаңа білім мазмұнына сәйкестігіне, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуына, пәндік кабинеттермен жабдықталмауы, қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндіктердің құрылыс кезінде қарастырылмауына қатысты алаңдаушылығын білдіреді.

2021 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Мәдени-Әлеуметтік даму Комитетіне Бюджетті талқылау аясында 800 мектептің құрылысының барысы туралы баяндаған Білім және Ғылым Вице-Министрі Б.А. Асылованың: "Білім және ғылым министрлігінде аталған мектептердің құрылысының барысын көру және бақылау, күн сайын мониторниг жүргізу құзыреттілігі жоқ. Бұл туралы бірнеше мәрте айтып келемін. Бізде мектептердің дайындық деңгейін қарайтын тіпті құрылысшы мамандар да жоқ", – деген жауабынан кейін алаңдаушылық одан әрі тереңдей түсті.

Мысалы, типтік жобалармен халқы аз ауылдарда жаңа мектептердің салынуы, ал халқы тығыз қоныстанған және демографиялық өсу ахуалы жоғары мекендерде алдағы уақытта үш ауысымды мектептерге айналатын объектілердің экономикалық-сараптамалық болжамсыз салынуы қаншалықты негізді?

Жаңа мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің тиісті құрал-жабдықтарсыз, атап айтқанда, химия, физика, биология, география және үйірме кабинеттерінсіз пайдалануға берілуі қаншалықты қисынды?

Осы себепті оқу қызметіне лицензияны уақытында ала алмайтын мысалдар бар. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептер жан басына шаққандағы қосымша бюджеттік қаражатты пайдалану арқылы объектінің бастапқы эксплуатациясы кезеңінде жабдық сатып алуға мәжбүр. Алайда, бұл мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жағдайындағы мектептер құрылысында және жеке инвестициялардың мектеп құрылысында оң шешілген. Мемлекеттік мектептерде қарапайым халықтың балалары оқитын ескерсек, бұл білім беру мекемелерінде бастапқы құрылысы кезінде пәндік кабинеттерді жоспарлауға, сол арқылы оқу процесін сапалы ұйымдастыруға, баланың тұлғасын жан-жақты дамытуға не кедергі?

Осыған байланысты "Nur Otan" партиясының мүшелері уәкілетті органға ұсыныс жасайды:

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: