Алматыда кеткен күйеуді қайтарып, жол ашып беретін "көріпкел" ұсталды

polisia.kz
Клиенттер оған мәселелерін де, ақшаларын да сеніп тапсырған.

Алматыда “күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын” деп тұрғындарды алдаған көріпкел алаяқ ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушілердің саны күн сайын артып келеді. Алданған азаматтар алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 25 жастағы Ж.есімді әйел әлеуметтік желілерде сәуегейлік, жолды ашу туралы хабарландырулар орналастырды.

– Клиенттер оған мәселелерін де, ақшаларын да сеніп тапсырған. Бір адамнан бірнеше сеанста жасалған “құрбандық шалу” рәсімі үшін “көріпкел” 100 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Сенгіш адамдардың ақша төлеп, күте тұрудан басқа амалы қалмады. Бірақ жеке өмірлерінде жақсылық болған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір алаяқтықтың 5 фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша тергелуде, – деп хабарлады Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Полиция бұл адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 393-40-73; 8-775-000-21-81.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі