Әзірбайжан Арменияны сотқа берді

Pixabay
Әзірбайжанның шағымы бойынша, "Армения әзірбайжандықтарға ұлттық және этникалық шығу тегіне байланысты бірнеше кемсітушілік әрекеттер жасады әрі оны жасап та келе жатыр".

Әзірбайжан БҰҰ Халықаралық сотына жүгініп, Ереванның нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны жүйелі түрде бұзғаны үшін Арменияның үстінен арызданды, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Тиісті ақпарат соттың сайтында жарияланған.

Әзірбайжан Республикасы бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі заңды органы - Халықаралық сотына Армения Республикасына қатысты нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияның бұзу фактілері бойынша арызданып, іс қозғауға түрткі болды, делінген сот сайтында жарияланған хабарламада.

Әзірбайжанның шағымы бойынша, "Армения әзірбайжандықтарға ұлттық және этникалық шығу тегіне байланысты бірнеше кемсітушілік әрекеттер жасады әрі оны жасап та келе жатыр".

Сондай-ақ арызда Халықаралық соттың бұл шағым бойынша қандай да бір шешімі шыққанға дейін Арменияға қарсы уақытша шаралар қолдану туралы талап та бар.

Қыркүйек айының ортасында Армения БҰҰ Халықаралық сотында Әзірбайжанға қарсы тура осындай талап-арызбенен жүгінген. Оған байланысты сот талқылауы басталып та кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі