Жыл соңына дейін Таразда 50 "Сергек" орнатылады

Юлия Дербичева
Таразда енді тыныш жүруге тура келеді.

Шенділердің айтуынша өңірде жол ережесін бұзатындар аз емес, ал бақылау камералары желікпе жүргізушілерді жөнге салады, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімдігінің есебінше, жыл басынан бері облыста 707 жол апаты тіркеліп, 133 адам қайтыс болды және 1063 адам жарақат алды. Оқыс оқиғалардың 175-і республикалық маңызы бар жолдарда, 102-сі жергілікті маңызы бар жолдарда, 430-ы елді мекен көшелерінде болған. Облыстық жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков атап өткендей, жол апаты көп жағдайда жылдамдықты асыратын, қарсы жолаққа шығатын және өзге де жол ережесін елемейтін жүргізушілердің кінәсінен болады.

Жәнібеков жағдайды реттеу үшін 2021 жылдың соңына дейін Таразда көлік қозғалысын бақылайтын 48 "Сергек" камерасы орнатылатынын айтты.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар тас жолдарда шуыл жолақтарын салу, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарық модулін орнату, көлік бұрылатын жерлерге жол буферін, жол үсті өтпелерінің тіреуіне жарықдиодты катафоттар мен жарық шағылыстыратын құрылғы орнату, апат қаупі жоғары жол бөліктеріне шетелде қолданылатын жарық маяктарын ілу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жақында Алматыда полиция көлігіне "Сергек" орнатылды, ол айыппұл төлемеген жүргізушілерді анықтайды. Елімізде ақылды камералар бірнеше жылдан бері жұмыс істеп тұр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды