Қазақстанда 9-сыныптан кейін колледжде оқу тегін болады

zakon.kz
Жыл сайын 9-шы сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда

Қазақстанда 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен балалар үшін оқу тегін болады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мұндай жоспар туралы бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Бірақ ол тегін оқудың нақты қашан енгізілетінін айтпады:

– Колледждерде оқуға ниет білдірген 9-сынып түлектерін 100 пайызға тегін оқумен қамту жоспарлануда. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарына байланысты колледждерді оқуын бітірместен тастап кететін жағдайлар да жоқ емес. Сондықтан жастардың, оның ішінде әсіресе аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалатын болады, деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі