Jusan Bank Kcell ұялы байланыс операторының акцияларын сатып алды

Jusan Bank баспасөз қызметі
Бұл іскерлік келісім.

Jusan Bank қазақстанның қор биржасында (KASE) Kcell ұялы байланыс операторының бақыланбайтын акция пакетін сатып алды, деп хабарлайды zakon.kz Jusan Bank баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандағы жетекші Kcell ұялы байланыс операторының акциясын сатып алу қызметі жоғары технологиялық платформаларды дамытуға бағытталған Jusan компаниясы қаржылық тобының стратегияcына сәйкес келеді, - деп атап өтті Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. – Бұл іскерлік келісім мобильді және қаржылық технологияларды біріктіру арқылы клиенттермізге бұрынғыдан да қуатты цифрлық өнімдер мен сервисті ұсыну үшін Jusan экожүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады".

Акциялар еркін конкурстық негіздегі KASE ашық сауда-саттығында сатып алынды.

2020 жылдың қараша айында Tele2/Altel серіктестік құра отырып Jusan Bank елімізде алғаш болып виртуалды Jusan Mobile ұялы байланыс операторын іске қосқан болатын. Оның көмегімен ай сайын қолма-қол ақшасыз 50 мың теңгеден астам қаржыға төлем жасаған банк клиенттері ұялы байланыс және мобильді интернетті тегін пайдалана алады, сонымен бірге әртүрлі бейілдік бағдарламаларына қатыса алады.

Jusan Mobile желісіне Jusan мобильді қосымшасы көмегімен жаңа нөмір алу немесе бұрыннан бар нөмірді ауыстыру арқылы қосылуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады