Диқандар астық экспортына БАЖ салығын енгізуге қарсы

видеодан кадр
Айтуларынша, бұл астықты өңдейтін кәсіпкерлердің ымыраласқан әрекеті.

Астық экспортына баж салығын енгізу елдегі егіс алқаптары көлемінің азаюына әкеп соғады, деп хабарлайды Atameken Business.

Өйткені нарықтан айрылған диқандар егін салуды қояды. Осылай деген павлодарлық фермерлер астық экспортына баж салығын салу туралы ұсынысқа қарсы.

Айтуларынша, бұл астықты өңдейтін кәсіпкерлердің ымыраласқан әрекеті. Егер бидай сыртқа шықпайтын болса жергілікті жерде өтімі төмендейді. Диірмен тартатын кәсіпорындар, "шығымы төмен", "ылғалдылығы жоғары", "дәні ұсақ" деген түрлі сылтауды алға тартып құнын түсіреді. Шаруалар ала жаздай маңдай тердің жемісін көрмейді. Енді астық экспортына баж салығы енгізілсе, онда ұнды шет елге сатуға да салық салынсын, дейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі