Футзалдан Қазақстан құрамасы Бразилиядан жеңілді

видеодан кадр
Қола медаль бұйырмады.

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында Бразилиямен 3-орын үшін таласқа түсті, дейді Аладоп.

Екі құрама тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде ойынның 12-минутында қазақстандық футзалшылар есеп ашты. Альберт Ақбалықовтың жасаған соққысы бразилиялық қақпашы Гиттаға тиіп, қақпа торынан табылды. Осылайша бірінші кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Екінші кезеңде тартысты жекпе-жек одан әрі өрбіді. Ойынның 25-минутында Тайнан ойламаған жерден өзінің қақпасына гол соғып алды. Алты минуттан кейін ойыншы қарсыластар қақпасына гол соғып, қайтадан Қазақстан құрамасы алға шықты. Бірақ одан кейін бразилиялықтар Родриго (32), Феррао (34), Ле (35) соққан голдардың арқасында жеңіске жетті.

Қазақстан қарсыласынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде Бразилия әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол созды. Қазақстан төртінші орынға тұрақтады.

Футзалда Бразилия тәжірибелі құраманың бірі саналады. Аталған құрама әлем чемпионатында бес дүркін чемпион атағын жеңіп алған.

Еске салсақ, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болса, Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнады.

Одан кейін 1/8 финалда Таиландтан 7:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Иранды 3:2 есебімен сүріндірді. Ал жартылай финалда Португалиямен овертаймда 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында қарсыласына жол берді.

Айта кетсек, ФИФА әлем чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасына арнайы сыйлық табыс етті. Қазақстан құрамасын әділ ойын (fair play) көрсеткені үшін марапаттады.

View this post on Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті