Қостанайдың бұрынғы әкімі дүниеден озды

Ол соңғы рет 2019 жылдың қыркүйегінде "ӘКК Тобол" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, бірақ 2020 жылдың наурызында денсаулығына байланысты корпорациядан кетуге мәжбүр болды.

Қостанайдың бұрынғы әкімі Базыл Жақыпов дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабар "Наш Костанай" редакциясына бүгін таңертең жетті. Базыл Шамұқанұлы ұзаққа созылған дертінен сол күйі айыға алмады, дүниеден өтті, делінген хабарламада.

Ол соңғы рет 2019 жылдың қыркүйегінде "ӘКК Тобол" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, бірақ 2020 жылдың наурызында денсаулығына байланысты корпорациядан кетуге мәжбүр болды.

Базыл Жақыпов 1965 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терсақан ауылында дүниеге келген. 2012 жылдың ақпанында Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану, жергілікті төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша міндеттерді өз жауапкершілігіне алды.

2015 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қостанай қаласының әкімі қызметін атқарды.

Zakon.kz редакциясы Базыл Шамұқанұлының отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: