Қанат Ислам рингке оралмақ

qazaq promotion
Соңғы мәрте Қанат Ислам шаршы алаңға 21 қаңтар күні Майами қаласында шыққан.

Орта салмақта өнер көрсететін 36 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) жыл соңына дейін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz тілшілеріне сілтеме жасап.

Бұл туралы боксшының командасындағы бір дереккөз айтып қалса керек.

Ислам Turan Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Бұл кештің нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Бірақ 2021 жылдың соңына дейін болады.

Ал боксшымыздың өзі қазіргі уақытта Стамбул (Түркия) қаласында дайындық жұмыстарын өткізуде.

Соңғы мәрте Қанат Ислам шаршы алаңға 21 қаңтар күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында шығып, жетінші раунда эквадорлық Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) жеңген болатын. Сол кездесуден кейін боксшының менеджері Нельсон Лопес Исламның биыл тағы екі кездесу өткізетінін айтты. Бірақ ол кездесулер өтпеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды