Әскери қызметке шақыру қағидаларына өзгерістер енгізілуде

Павел Михеев / zakon.kz
Өзгерістер мен толықтырулар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру тәртібін нақтылау мәселелеріне қатысты.

Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Өзгерістер мен толықтырулар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату құқығын беру, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеу (іріктеу) және оларды іздестіру тәртібін нақтылау мәселелеріне қатысты болады.

Бұл құжат "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және автоматтандыру шеңберінде әзірленді.

Құжаттың толық мәтінімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11913023.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін