Президенттік жастар кадр резервінің бірінші кезеңінің қорытындыcы шықты

zakon.kz
Іріктеуге осы жылы 8638 адам тиісті құжат тапсырып, тіркеуден өтті.

2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің "қабілеттерді тестілеу" кезеңінің мәтіндік тестілеу қорытындысы бойынша 8 және одан да жоғары балл жинаған үміткерлер келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Мемлелекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың нәтижелері туралы ақпарат 2021 жылғы 4 қазан күнінің соңына дейін pk.rezerv.gov.kz платформасындағы әрбір үміткердің жеке кабинеттеріне жолданады.

Ал, 2021 жылғы 6 қазан күні Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің екінші кезеңінде үміткерлер сандық тестілеуден өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеуді жүзеге асыруда. Іріктеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші алынатын болады.

Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау.

Іріктеуге осы жылы 8638 адам тиісті құжат тапсырып, тіркеуден өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды