Кадрлық өзгерістер: аумақтық ҚАЖ департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды

ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті
Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы лауазымына әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды.

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары тағайындалды:

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет атқарады. Пенитенциарлық жүйедегі қызметін ІІБ жанындағы ҚАЖКБ ЕС-164/7 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі болып бастады. Әр жылдары ҚАЖ комитеті мен Ақмола облысының аумақтық департаменттерінің бөліністерін басқарды.

ҚР Ішкі істер органдарында 1995 жылдан, ОҚО әл-Фараби аудандық ІІБ бөлімшесінде тергеушінің көмекшісі болып бастаған. Пенитенциарлық жүйеде 2002 жылдан бастап қызмет етеді. Соңғы атқарған лауазымы - ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

1998 жылдан бастап республиканың пенитенциарлық жүйесі қатарында қызмет етеді. Нұр-Сұлтан қаласы, СҚО және Ақмола облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

ҚАЖ-да қызметін жасақ бастығынан бастады, түрлі деңгейдегі, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарды. Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңадан тағайындалған басшылар бұрын ҚАЖ комитетінің орталық аппаратында және оның аумақтық бөліністерінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген, пенитенциарлық жүйеде көп жылдық тәжірибесі бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз