Былтыр тұрмысқа шыққан Сәбина Алтынбекова босанды

әлеуметтік желіден алынды
Ол 5 қазанда қамшы ұстар - ұл баланы дүниеге әкеліпті.

Спорттан бөлек өзінің айдай сұлу көркімен жанкүйерлерін тәнті еткен волейболшы қыз Сәбина Алтынбекова былтыр тұрмысқа шыққан болатын. Жуырда ол сәбилі болды.

Сүйінші хабармен спортшы арудың өзі Инстаграм парақшасында бөлісті. Ол 5 қазанда қамшы ұстар - ұл баланы дүниеге әкеліпті.

"Сені тағытсыздана күткендей, өмірімде бір де бір ер адамды күтпеппін, балапаным менің. Махаббат пен мейірімге толы отбасыға қош келдің", - деп жазды ол.

Айта кетсек, Сәбина Алтынбекова 2020 жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шықты. Арудың таңдауы 33 жастағы алматылық жігіт Саят Тостықбаевқа түсті. Жас жұп мұсылман дәстүрі бойынша мешітте некесін қиды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады