Алматыда 21 жастағы келіншек үшем босанды

Екі жыл бұрын үйленген ерлі-зайыптылар бірден көп балалы отбасыға айналды.

Бір ұл бала мен мен екі қыз бала жүктіліктің 30 аптасында дүниеге келді. Осылайша 21 жастағы алматылық келіншек бірден үш сәбидің анасы болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі жыл бұрын үйленген ерлі-зайыптылар бірден көпбалалы отбасыға айналды. Бірінші болып ұл туды, оның сыңарлары екі минуттық айырмашылықпен дүниеге келді. Үшеуінің де салмағы бір килограмға жетпейді: 902 гр., 924 гр. және 916 гр.

Бастапқыда нәрестелердің тыныс алуына демеу жасалды және нәрестелер патология бөлімінің бақылауында болды. 14 тамызда туған балалар 4 қазанда үйіне шығарылды, деп хабарлады Алматы қаласының перинаталдық орталығы.

Нәрестелер едәуір салмақ қосып, ауруханадан шығарылған кезде салмақтары 2 келіге дейін өсті.

Біз үшін бұл үлкен бақыт. Балаларды Мұхаммед, Әмина және Сумая деп атадық, дейді балалардың анасы Марал Жолдыбаева.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: