Жазалы балалар жеңімпаз атанды

Әділет майоры А.Бәзілбаева келген қонақтарға мекеме басытығы атынан ризашылық алғыс білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде жуырда кәмелетке толмаған балалар арасында Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен шахмат турнирі өткізілді, дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД.

Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген шаршы алаңдағы шахмат жарысында бірінші орынды жазасын өтеуші жасөспірім А.Овсяников иеленсе, екінші орынды Б.Шілдебай, үшінші орынды Д. Мубараков жеңіп алды. Шахмат жарысының жеңімпаздары арнайы мақтау қағаздарымен марапатталып, оларға қосымша спорттық киімдер мен үстел тенисінің ракеткалары табысталды.

Жазалы балалар арасында турнир ұйымдастыруға Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры басшысының орынбасары Нұрсұлтан Тастанбек және жатықтырушылар Арсен Лес, Азамат Алишев, Дәулет Иманберлинов белсене ат салысты. Олар турнир барысында сотталған балаларға шахмат ойынының шығуы туралы, шахматқа қатысты қызықты деректер мен бұл ойынның адамның ойлау жүйесін жетілдіруге тигізетін пайдасы жайлы әңгіме өткізді. Қор өкілдерінің әңгімесі жазалы балалардың шахмат ойнауға деген ынтасын арттыра түскені анық.

Қызықты ойын соңында сотталғандар арасындағы тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Бәзілбаева келген қонақтарға мекеме басытығы атынан ризашылық алғыс білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: