Тоқаев Ильинге төтенше жағдайлар санын азайтуды тапсырды

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды.

Осы уақыт аралығында елімізде 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. ТЖМ бөлімшелері 65 мыңнан астам шақыртуға барды. 9,5 мың адам құтқарылды, 10 мың адам эвакуацияланды, 3 мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Юрий Ильиннің айтуынша, министрлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Министрлік елді-мекендерді, нысандарды және жекелеген тұрғындарды сел мен су тасқынынан алдын ала қорғау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысының Аюсай, Ақсай және Қорғас өзендеріндегі тоспалар мен бөгеттердің құрылыстарын қаржыландырады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау, сондай-ақ көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі