Қазақстан Президенті Одиль ханыммен француз тілінде сөйлесті

Ақорда
Банк басшысы Мемлекет басшысына жылы қабылдауы үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысымен француз тілінде сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

22 қыркүйекте Қазақстан Президенті Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Одиль Рено-Бассомен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапарлап келген ханыммен француз тілінде сөйлесті. Кездесудің видеосын президенттің телерадиокешені жариялады.

Президент ханым, өзіңізді бүгін біздің астанамыздың төрінен көргеніме өте қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біз үшін маңызды, өйткені ол біздің ел мен сіздің банк арасындағы ынтымақтастыққа үлкен серпін береді, - деді Президент Тоқаев.

Банк басшысы Мемлекет басшысына жылы қабылдауы үшін алғыс білдірді.

Қазақстанға бірінші рет жасаған жеке сапарым үшін өте қуаныштымын. Біз өзіңізбен телефон, бейнеконференция арқылы келіссөздер жүргізгенбіз, бірақ тікелей кездесу деген мүлде басқа дүние. Бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, терең талқылаулар жүргізуге, сонымен қатар кеңейтілген құрамда бірқатар серіктестермен кездесуге мүмкіндік береді, - деді Одиль Рено-Бассо.

Осы өңірдегі басқа елдерге де баруды жоспарлап отырсыз ба? - деп сұрады Президент.

Жоқ, бұл жолы емес. Болашақта. Ал осы аптада тек Қазақстан, - деді банк басшысы.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) бітірген, ҚХР-дағы КСРО елшілігінде диплом қорғар алдында тағылымнан өткен, Пекин лингвистикалық институтында да тәжірибеден өткен. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Қазақстан Президенті қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік біледі, француз тілін де жақсы меңгерген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті