ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков ОКҚ-де өткен брифингте Қазақстанда қоғамның қай салаларында тұтынушылардың құқығы жиі бұзылатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Асқар Тынысбеков бүгінде тұрғындардың өмірінде бірқатар проблемалар бар екенін, оларды комитетке келіп түскен шұғыл желідегі өтініштер, шағымдар, қоңыраулар санынан көруге болатынын айтты.
Көбінесе бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын белгілеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жоғары тарифтер, кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету деңгейі және ипотекалық несие тұтынушылардың, үлескерлердің құқықтарын қорғау мәселелері.
Тынысбеков анықталған мәселелер бойынша уәкілетті органдармен жоғарыда аталған мәселелердің реттелуі мен бақылауын қамтитын жұмыстар жүргізіліп жатқанын баса айтты.
Атап айтқанда, жанар-жағармайға бағаны көтеру мәселелерін Энергетика министрлігі қарайды, ал әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға белгілеу мәселелері жергілікті әкімдіктердің құзыретіне жатады, ал тұрғын үй-коммуналдық секторы әр түрлі сегменттерде жоғары тарифтер мәселесі Индустрия және инфрақұрылымдық даму, қоршаған орта, геология және табиғи ресурстар, энергетика, ұлттық экономика және монополияға қарсы комитеттің бақылауында.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2020 жылы тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама барысында тұтынушылар көбінесе қызметтердің осы салаларында бұзушылықтарға тап болатынын анықтады.
Сондықтан комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасының негізгі принциптерін көлік, медициналық, туристік қызмет көрсету салаларына таратуды, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне әсер ететін нормативтік құқықтық актілерді міндетті түрде бекіту нормасын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға енгізуді ұсынды. Бұл заңнамалық деңгейде тұтынушыларға қатысты кейбір мәселелерге жауап беруге мүмкіндік береді, - деп түйіндеді ол.
Бақытжан Отарбаева