Коммуналдық қызметтер – төленген түбіртекті сақтау керек пе?

zakon.kz / Павел Михеев
ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес, түбіртектерді сақтау мерзімі – үш жыл.

Сарапшы коммуналдық қызметтер түбіртектерін қанша уақыт сақтау керектігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "Прайм" агенттігіне "Қалалық Инновациялық технологиялар" ЖАҚ бас директоры Сергей Минко айтып берді.

Оның айтуынша, коммуналдық түбіртектерді уақытында төлеу жеткіліксіз. Заң бойынша, үш жылдың төлем түбіртектерін сақтау өте маңызды, түбіртектер сақталмаған жағдайда компания төлеген ақшаны тағы төлеу туралы талап қоюы мүмкін, - деп түсіндірді сарапшы.

ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес, түбіртектерді сақтау мерзімі – үш жыл.

Маманның пікірінше, басқарушы компания техникалық немесе басқа да қателіктер салдарынан сұрауы мүмкін.

Басқарушы компания ауысқан жағдайда бұрын жұмыс істеген компания ақпараттарды бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда сізге дәлеледеу үшін түбіртек керек.

Сондай-ақ, сарапшы электрондық төлемдер туралы да айтты.

Электронды төлемдерді төлегенде, тұтынушылардың көп бөлігі қағаз түбіртек қажет емес деп ойлайды. Бұл – дұрыс емес. Егер банктік шотыңыз бұғатталса, банк банкрот болса, түбіртекке қол жеткізе алмай қаласыз.

Сондықтан электрондық жүйелердегі түбіртектерді қағазға басып шығару қажет.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды