Қазақстанда алаяқтар көбейіп барады

Қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігі Алматыда тіркелген.

Қазақстанда алаяқтық саны биыл 39%-ға өсті: алаяқтық елдегі әрбір төртінші қылмыстық құқық бұзушылық болып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте айларында елімізде ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша 31,9 мың құқық бұзушылық тіркелді, былтырғымен салыстырғанда, бірден 39%-ға өскен. 2020 жылдың дәл осындай кезеңінде алаяқтықтың 23 мың жағдайы тіркелген еді, делінген ranking.kz. хабарламасында.

Биыл интернет-алаяқтық жалпы алаяқтықтың 52%-ын яғни, 16,6 мыңды құрады.

Сонымен, қылмыстық құқық бұзушылықтың 266-сы төлем карталары арқылы, 108-і ақшалай қарыздар арқылы, 31-і несие беру саласында, алтауы жер құқықтық қатынастары және жылжымайтын мүлікпен байланысты салаларда тіркелді.

Жыл басынан бері елімізде барлығы 125,2 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 25,5% -ын "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар құрады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігі Алматыда тіркелген, барлығы – 6,4 мың жағдай (былтырғымены салыстырғанда 38%- ға көп).

Сондай-ақ, құқық бұзышылық саны бойынша үштікке: Нұр-Сұлтан (5,2 мың құқық бұзушылық, +79,3%) және Шымкент (2,9 мың құқық бұзушылық, +20,5%) кіреді.

Қызылорда облысында, керісінше, "Алаяқтық" бабы бойынша ең аз құқық бұзушылық тіркелді, 577 жағдай (жылына +22%).

Еліміз бойынша Шығыс Қазақстан облысында ғана құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай азайған: 0,2%-ға, яғни, 1,8 мың жағдайға дейін қысқарды.

Көбінесе алаяқтықты жұмыссыздар жасады, олардың саны – 3,7 мың адам. Алаяқтар арасында – 121 жұмысшы, 110 мемлекеттік қызметкер, 101 жеке кәсіпкер, 36 оқушы, 9 әскери қызметкер бар.

Қаңтар-қыркүйек айларында алаяқтық бойынша 47,4 млрд теңге залал келтірілген, оның ішінде жеке тұлғаларға – 34,9 млрд теңге, мемлекетке – 8,3 млрд теңге және заңды тұлғаларға – 4,2 млрд теңге.

Екібастұз полицейлері алаяқтардан қалай сақтану керегін айтты:

Сақ болыңыз, бейтаныс адамдарға сенбеңіз, алаяқтардың қақпанына түспеңіз. Бейтаныс адамдар қоңырау шалғанда сабырлық сақтаңыз, жеке деректерді, банк карталарының деректерін және пин-кодты ешкімге айтпаңыз, дейді Екібастұз Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сексембаев.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: