Шымкентте алаяқтарға жем болған салымшылар шу шығарды

Кооператив баспана және көлік алып береміз деп, уәдені үйіп-төккен.

Елін алдаған "Елім-ай". Алаяқтарға жем болдық деген шымкенттіктер шу шығарды. Классикалық схеманы ұстанған кооператив басшылары жұртқа баспана және көлік алып береміз деп, уәдені үйіп-төккен. Әдемі сөзге арбалған аңқау жандар бар жиған-тергенін төңкере салыпты. Енді үй, темір тұлпар түгілі мән-жайды түсіндіруге талпынбаған тұлғалар қашып жүрген көрінеді.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

"Елім-ай-2019" кооперативінен көресінді көрдік деген Шымкенттік салымшылардан бір жылдан бері маза қашқан. Бүгін өздерінің салған қаржыларын қайтарып беруді талап етіп, ұйым орналасқан ғимараттың алдына тағы да жиналды. Бірден жұмыс орнына баса көктеп кіргендер бұл жолыда жер сипап қалды. Себебі жауапты адамдардың бірде біреуі орынан табылмады. Табандарынан тозғандар қолдарына кооператив басшысының суретін шығарып алған. Ондағы мақсаттары:

Роза Омарғазиева, салымшы:

Бұл біздің бастығымыз Елімай кооперативінің. Енді қанша ақшамызды жеді. Бірақ қайтарған жоқ. Алаяқ, әрине алаяқ. Сенбейміз бұған. Қайтарсын ақшамызды бәріміздің.


Кооператив басшылығына сенуден қалдық деген салымшылар жарнамасына алданып қалғандарын жасырмайды. Тіпті, алғашқы салымшылар үйі мен көлігін алған кезде құдайдай сендік деп отыр. Бірақ кейіннен, былықтары біртіндеп шыға бастаған. Яғни, көлік бағдарламасы жабылып қалған, ал үй аламыз деп армандап жүргендер сол күйі қиялдап қалған.

Күлсабира Жүнісбекова, салымшы:

Енді ақша жерде жатқан жоқ. Өзіміз балалардың аузынан жырып соны әкеліп, соны салып отырдық ғой. 10-на дейін саласыңдар дейді как положенно дейді. Алтыларына бестеріне келіп салып кетеміз. 50 мыңнан салып тұрдық. Еще первеначальный бердік алдында. Береді үйтеді-бүйтеді дейді. Сонымен қайтамыз. Ал, звандасаң алмайды ешқайсысы.

Ал, кооператив өкілдері жұмыс орнында болмағандықтан, заңгеріне хабарласқан болатынбыз. Ол келісімшартты бұзғандарға үш айдың ішінде ақшалары қайтарылып беруі керек екен жеткізді. Ал, мәселенің пайда болу себебін былай түсіндірді.

Нұржан Нұралбаев, "Елім-ай" кооперативінің заңгері:

Бар вкладчиктер алғандары қазір төлей алмай жатыр. Ақша жиналмай жатыр. Үй, автокөлік алғанбыз. Жартылары төлмей жатыр. Көмір дейді бірнәрсе дейді. Соны біз жинап жатырмыз. Қайтарып жатырмыз.

Алайда, кооператив заңгерінің жауабын місе тұтпаған салымшылар полиция өкілдеріне арыз түсірді. Себебі, араларында келісімшартты бұзғандарына үш айдан асып кеткендері де бар екен. Бірақ осы уақытқа дейін бір тиынын да қайтарып алмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: