Ұлттық банк 2021 жылдың қыркүйек айындағы өңірлердегі инфляциялық үрдістер бойынша шолуды жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылғы қыркүйекте Инфляция 0,4%-ды құрады (тамызда – 0,5%). Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 0,1%-ға (тамызда – 0,1%), азық-түлік емес тауарлар – 0,6%-ға (тамызда – 0,6%), ақылы қызметтер – 0,7% -ға (тамызда – 0,8%) өсті. Жылдық инфляция 8,9%-ды құрады (тамызда – 8,7%).
Жылдық инфляция 13 өңірде қарқынды жүрді, ал үш өңірде баяу жүрді, бір өңірде бағаның өсу қарқыны өзгеріссіз қалды. Ең баяулау Павлодар облысында тіркелген. Тамызда 9,2%-дан қыркүйекте 8,8%-ға дейін баяулаған.
Ең көп жеделдеу Қызылорда облысында байқалады (8,2% -дан 8,8% -ға дейін). Жылдық инфляция 6 өңірде жалпы республикалық деңгейден жоғары болды, олардың ішінде ең көбі Маңғыстау облысында тіркелді (9,8%).
Ұлттық Банк атап өткендей, бағаның жылдық өсуі бойынша Қазақстанда ең көп үлес Алматы қаласы және Алматы облысында. Аталған өңірлерде бағаның өсуі 8,7% және 8,5%-ды құрады.
Қазақстанда азық-түлік тауарлары жыл бойынша11,5%-ға (тамызда – 11,4% - ға) қымбаттады. Ең төменгі өсім Шығыс Қазақстан (10,5%) және Солтүстік Қазақстан (10,6%) облыстарында, ең жоғары өсім Маңғыстау облысында (13,1%) байқалды.
Ел бойынша азық-түлік емес тауарлардың бағасы 7,5% - ға (тамызда-7,3% - ға) өсті. Азық-түлік емес тауарлар бағасының ең жоғары өсуі Атырау және Ақтөбе облыстарында (8 %), ең төмені Павлодар облысында (6,8%) тіркелді.
Елімізде ақылы қызметтер 6,8%-ға (тамызда – 6,6% - ға) қымбаттады, ең жоғары өсім Ақтөбе және Жамбыл облыстарында (8), ең төмен – Алматы және Қызылорда облыстарында (6,1%) байқалды.
Қыркүйек айында азық-түлік тауарларының айлық қымбатттауы азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің үлесіне қарағанда азырақ. Азық-түлік тауарларының ішінде инфляцияға ең көп үлес қосқан ет және ет өнімдері бағасы әлі де өсіде, көкөністер мен жемістер 4,7%-ға арзандады.
Жалпы еліміз бойынша азық-түлік тауарларының бағасы тамыз айындағыдай бір ай ішінде 0,1%- ға өсті. Аталған топтың тауарларына бағаның 0,6% мөлшерінде максималды өсуі Атырау облысында, Алматы және Шымкент қалаларында қалыптасты, бағаның 0,1%-дан 0,6%-ға дейін төмендеуі Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында байқалды.
Елімізде ет және ет өнімдері бағасының өсу қарқыны өзгеріссіз қалды (1,3%), бұл ретте құс еті бағасының өсу қарқынының баяулады (3,7%-дан 2,3%-ға).
Алматыда ет және ет өнімдері бағасының ең жоғары өсуі (3,2%-ға) байқалды, сиыр еті (5,3% -ға) және жылқы еті (4,0%-ға) қымбаттады, олардың бағасы тұтастай ел бойынша тиісінше 1,6%-ға және 1,4%-ға өсті.
Атырау облысында жылқы еті бағасының өсуі (3,5%-ға) және өңірлер арасында құс еті бағасының ең жоғары өсуі (4,5%-ға) тіркелді.
Шымкентте сүт өнімдері (ел бойынша 0,9%-ға өсу кезінде 2,3%-ға), атап айтқанда пастерленген сүт (3,0%) және қаймақ (2,5%) қымбаттады, ал ел бойынша осы тауарлардың бағасы тиісінше 1,1%-ға және 1,2%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлардың айлық инфляцияға үлесі 0,13 п.т. (тамызда – 0,15) құрады.
Қазақстан бойынша азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі қыркүйек айында 0,6%-ды құрады. Елімізде дизель отынының бағасы айтарлықтай өсті (3,8%-ға). Бағаның ең жоғары өсуі Батыс Қазақстан (10,9%-ға), Қарағанды (10,1%-ға), Солтүстік Қазақстан (9,2%-ға) облыстарында, ең төмені Түркістан облысында (0,6% - ға) тіркелді. Ел бойынша бензин бағасы 0,1%-ға төмендеді.
Ақылы қызметтер қыркүйек айында айлық инфляцияға ең үлкен үлес қосты – 0,17 п.т. (тамызда – 0,20 п. т.), бір айда 0,7%-ға өскен (тамызда-0,8%) құрады.
Жолаушылар көлігі қызметтері 0,7% - ға арзандады, бірақ білім алу саласы бойынша 6,3%-ға қымбаттады.
Ақылы білім алу көптеген өңірлерде айтарлықтай қымбаттады, оқыту құнының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында болды (13,2%-ға), бұдан басқа, облыста тұрғын үйді жалға алу бағасының ең көп өсуі тіркелді (12,8%-ға), ал ел бойынша өсім 2,1%-ды құрады.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тұрғын үйді жалдау құнының өсуі байқалды (тиісінше, 7,4% және 6,3%). Батыс Қазақстан облысында суық (25,4%-ға) және ыстық (2,5%-ға) суға, сондай-ақ су бұру қызметтеріне (29,2%-ға) тарифтердің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны неғұрлым жоғары болды (1,7%).
Бақытжан Отарбаева