Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қояды

Келісімшарт 23 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімшарт жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжат екі елдің мемлекеттік шекарасындағы тұрақтылықты және шекара маңындағы аудандарда тыныштықты қамтамасыз ету, шекара мәселелерін өзара құрмет, сенім, тең құқықтық, достық және ынтымақтастық негізінде реттеу мақсатында әзірленді.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы мынадай режимді қамтамасыз етеді:

Атап айтқанда, мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде аң аулауға, сондай-ақ шекара арқылы жануарларды айдау және екінші тарап мемлекетінің аумағына өтуге, үй жануарларының мемлекеттік шекарадан өтуіне, жасыруға, союға немесе сатуға, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен бірге, мемлекеттердің азаматтары шекаралық ведомстволардың рұқсатымен шекаралық сулардың өз бөлігі шегінде балық аулауға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік шекара режимін мемлекеттер тараптарының бірлескен қызметі қолдайды және оның мәселелері осы келісіммен, сондай-ақ екі тарап мемлекеттерінің заңнамасымен және екі тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттармен реттеледі, делінген құжатта.

Келісімнің мәтінін "Ашық НҚА" сайтынан көруге болады, келісімшарт 23 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: