Ревакцинациядан бас тартса не болады? Бас санитарлық дәрігердің жауабы

zakon.kz
Қиясов құзырлы ведомствада бұл бағытта нақты қарастырылған, әзірге жоспар жоқ екенін атап өтті.

Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов "ревакцинациядан бас тартқан ел азаматтарына қандай да бір шектеулер қолданылады ма" деген сауалға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қиясов құзырлы ведомствада бұл бағытта нақты қарастырылған, әзірге жоспар жоқ екенін атап өтті.

Ревакцинация - коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алу. Вакцинаның екі дозасын алған адамдар үшін қосымша шектеулер мен санкциялар қарастырылмаған. Бүгінге күндері біз мұндай мәселелерді, әзірге қарастырып жатқан жоқпыз, - деп қосты ол ОКҚ-да өткен брифингіде.

Санитарлық дәрігер атап өткендей, ревакцинация процедурасының өзі, негізінен осыған жататын топтардан анықталатын болады - бұл халықтың ең осал топтары, сондай-ақ антиденелерге талдау жүргізілгеннен кейін антидененің болмауы анықталған жағдайда өз еркімен ревакцинацияға келетін адамдар.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екпе де, ревакцинация туралы да мәліметтер бір төлқұжатта көрсетілетінін айтты.

Вакциналау төлқұжатында бірінші және екінші дозалар қашан салынғаны көрсетіледі. Сонымен қатар, вакциналау төлқұжатында қосымша үшінші доза көрсетіледі, бұл адамның алдында қандай вакцина алғанымен байланысты, сол жағы көрсетіліп қойылады, - деп атап өтті ол.

Мәдина Мамырханова, Кәмшат Сатиева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме