Павлодарда ақ халаттылар КВИ-ға қарсы екпе алмағандардың үйіне барады

zakon.kz/ Павел Михеев
КВИ таралу қарқыны бойынша облыс "қызыл аймақта" орналасқан.

Павлодарда ақ халаттылар коронавирусқа қарсы екпе алмағандардың үйіне барып, вакциналау ісін жалғастырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен эпидемиологиялық ахуал мен вакцинацияны жүргізу барысы бойынша сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов осылай дегенін хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, алдағы аптада әрбір емхана жанында мобильдік вакцинация бригадалары жасақталады.

Екібастұздың №3 емханасының үлгісінде олар Павлодардың тұрғын аудандарын аралап, нақты мекен-жайлар бойынша екпе қабылдамағандарға үгіт-насихат жүргізіп, вакциналау ісін жалғастырады, - дейді Айдар Ситқазинов. – Әрбір емханада бұл тізімдер бар. Бұл тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынады.

Бүгінгі күні вакцинаның I компонентін вакцинациялауға жататындардың 68,40%, II компонентін – 62,72 % алды.

Жалпы, өткен тәулік ішінде 168 адамда COVID-19 анықталды. 1206 адам стационарлық ем алып жатыр. Инфекциялық ауруханалардың жүктемесі - 55,%.

КВИ таралу қарқыны бойынша облыс "қызыл аймақта" орналасқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады