Күздегі ұйқының қанбауына қарсы не істеуге болады

pxhere.com pxhere.com
Күндізгі ұйқышылдықтан құтылудың үш жолы бар.

Күзде адамдарды күндізгі ұйқының қысатыны бар, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Күндізгі ұйқы құмарлық – бұл күзде көп адамда кездесетін ауру. Кейде әдеттегіден көп ұйықтауға деген ұмтылыс күндізгі жарықтың азаюынан туындаған аурумен байланысты. Жарық неғұрлым аз болса, ұйқышылдық та соншалықты артуы мүмкін.

Күндізгі ұйқының себептерінің бірі – психикалық аурулармен байланысты.

Депрессия – бұл адамдардың 10%-ында кездесетін өте кең таралған жағдай. Көбінесе депрессия жалпы әлсіздік сезімі арқылы көрінуі мүмкін, кейбір адамдар оны ұйықтауға деген ықылас деп санайды. Ашық күн сәулесінің болмауы депрессиялық күйдің көріністерінің бірі ретінде ұйқышылдықтың дамуына ықпал етуі мүмкін.

Күндізгі ұйқышылдықтан құтылудың үш жолы бар:

Уақытша;
Ұзақ мерзімді;
Дәрі-дәрмектік.

Күндізгі ұйқышылдықтан құтылудың бір әдісі бар, оны бәрі біледі, ол адамдарға, тышқандарға, тарақандарға және тіпті балықтарға әсер етеді, бұл – кофеин. Бұл барлық тіршілік иелеріндегі ұйқышылдықты төмендететін химиялық зат. Егер ұйқышылдық сізді бір күннен артық мазалайтын болса, онда сіз түнде кем дегенде жеті сағат ұйықтаудан бастауыңыз керек. Егер осыдан кейін де ұйқышылдық болса, дәрігермен кеңесе отырып, басқа нұсқаны қаарастыруыңыз керек, – деді дәрігер-сомнолог Михаил Полуэктов.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды