Зеленский "Пандора тізімі" туралы: маған қатысты түк те жоқ

Бұл мен үшін дежавю сияқты болды.

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің оффшорлары туралы зерттеуді көргенін айтты, ол әлгі компаниялардың болғанын растады, бірақ олар ақша жымқыру үшін пайдаланылмағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Шынымды айтсам, сюжет онша емес. Мен сізге кәсіби маман ретінде айтамын. Неліктен? Себебі, біріншіден, жаңа ештеңе жоқ. Бұл мен үшін дежавю сияқты болды. 2019 жылы мен сол фильмді олигарх Петр Порошенконың (бұрынғы президент) арналарында көрдім. Порошенко онда маған қарсы ештеңе жоқ екенін көрсеткен, - деді ол.

Ол Януковичтің тұсында "бәрі өз бизнестерін, әсіресе телевизиямен байланысты бизнестерін құрылымдай бастады" деп түсіндірді. Оның айтуынша,"барлық арналардың шетелде компаниялары болған".

Бұған дейін Порошенконың "Еуропалық ынтымақтастық" фракциясының тең төрағасы Артур Герасимов Жоғарғы Рада депутаттарының Украинаның Бас Прокурорына ел президенті Владимир Зеленскийдің айналасындағылардың қылмыстары туралы екі арыз түсіргенін айтты.

2021 жылдың 3 қазанында зерттеуші журналистердің халықаралық консорциумы (ICIJ) президенттердің, министрлердің, монархтардың оффшорлар арқылы иелік ететін құпия активтеріне арналған ауқымды тергеу жариялады. Тергеу бір жылға созылған, оған 117 елден 600-ден астам журналист қатысты. "Пандора тізіміндегі" айыпталушыларының қатарында президенттер Зеленский мен Әлиев, Иордания Королі және Ұлыбритания патшайымы бар.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: