Қазақстанда шетелдік көлік иелері 460 мың рет жол ережесін бұзған, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде осындай мәлімет айтты.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында Lexus автокөлігі 182 мың теңге көлемінде 25 жол ережесі бұзылған. Ал Қостанай облысында ВАЗ маркалы автокөлікке 478 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу туралы 51 нұсқама рәсімделді. Осы өңірде қырғыз елінің номерімен Toyota Estima автокөлігі 1 млн 100 мың теңгеден астам сомаға 91 ЖҚЕ бұзушылыққа жол берген.
Павлодар облысында Ресейде тіркелген HYUNDAI автокөлігі 69 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. 751 мың теңге айыппұл төлеу туралы нұсқама берілген.
Сонымен қатар, тамыз айынан бастап Ішкі істер органдары Кірістер органдарымен бірлесіп, жеті шекаралас аймақта Ресейден әкелінетін көліктерге тексеру жүргізіп жатқаны айтылды.
"Барлығы 8 мыңнан астам машина тексерілді. Көліктің қайда тіркелгенін және мойнында ауыртпалығы бар-жоғын екі органның қызметкерлері Ресейдің кеден қызметімен бірлесіп тексереді. Оның қорытындысы бойынша сот ауыртпалығы өтелмеген көліктердің әкелінгені анықталып отыр. Мысалы, тамыз айында Ресейден әкелінген бір көлікті тіркеуге 100-дей шектеу қойылғаны белгілі болды. Сондықтан бұл көлік Қазақстанда тіркеуге алынбайды. Өйткені Ресейде тіркеуден шығарылуы үшін бүкіл ауыртпалықтары өтелуі керек", - дейді комитет басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, мұндай проблемалар көліктердің жылын таңдамайтынын ескертті. Мәселен, қыркүйек айында 2020 жылы зауыттан шыққан Camry маркалы көліктің үстінен 20-дан астам сот ауыртпалығы рәсімделген. Бұл көлік кейін Ресейдегі иесінің үстінен арызданушы тұлғаларға өндіріліп берілуі мүмкін. Жалпы 250-ге жуық осындай проблемасы бар автомобиль анықталған.
"Мысалы тексеру кезінде осы айдың басынан бері Өскемен, Петропавл, Семей қалаларында тіркеу құжаттары мен нөмірі қолдан жасалған 80 ресейлік автомашина анықталды. Яғни, қазақстандық сатып алушы көлігі Ресейде тіркелгеніне сенімді болғанымен, Ресей Федерациясы кеден қызметімен ешбір тіркеуде болмағаны анықталды", - деді Серік Түсіпов.
Дайана Тоқберген