Революция болуы мүмкін – Лукашенко тағы шошып отыр

Сурет: zakon.kz
Беларуссияда революция болуы мүмкін, Лукашенко күнін болжады.

Александр Лукашенко Белоруссияда наразылықтардың жаңа толқыны қашан басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Пул Первого" Telegram каналы жазғандай, президент ҰҚК басшылығына жүгінді.

"Назар аударыңыздар: жағдай шиеленісті. Революция жасаудың тағы бір әрекеті конституциялық референдум өтетін кезде болуы мүмкін", - деді Лукашенко.

"Белта" басылымының хабарлауынша, Лукашенко жаңартылған Конституция нұсқасының жобасын ұсынған болатын.

Бұл түпкілікті нұсқа емес, негізгі заң бойынша жұмыс әлі жүріп жатыр. Сонымен қатар, біз өңірлерге шығып, адамдармен кездесіп, ұсыныстарды тыңдаймыз, - деп нақтылады Республика кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова.

Gazeta.ru хабарламасында жаңартылған конституцияның 2022 жылдың басында референдумға шығарылатыны атап өтілді.

Белоруссиядағы ауқымды наразылық акциялары 2020 жылы тамыздың 9-нан 10-на түні президент сайлауының нәтижелері мен Александр Лукашенконың жеңісі туралы мәлімдемеге байланысты басталған.

Сол күннен бастап акциялар жалпыұлттық ауқымға ие болды, ал елдегі жағдай саяси дағдарыс ретінде сипаттала бастады. Акция 2021 жылдың ақпан айында аяқталды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме