ШҚО-да өз баласына 3 млн теңге қарыз борышкер ұсталды

33 жастағы борышкер Нұр-Сұлтанда табылды.

ШҚО аумағында 11-18 қазан аралығында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу, сондай-ақ алимент төлемегені үшін жасырынып жүрген адамдарды және борышкерлерді іздестіруге бағытталған "Нелегал-Кордон" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 14 қазанында Семей қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері үш жыл бойы іздеуде жүрген алимент төлемеген адамның тұрғылықты жерін анықтады.

- 33 жастағы борышкер Нұр-Сұлтанда табылды, осы уақыт ішінде анықталғандай, ол елордадағы заң өкілдерінен жасырынып жүрген. Ол 5 жылдан астам уақыт кәмелетке толмаған баласын асырауға ақша төлемеген, осы жылдар ішінде оған 3 миллион теңгеден астам қарыз жиналған. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Өкінішке қарай, бұл жалғыз жағдай емес, жыл басынан бері облыста полиция қызметкерлері осындай 300-ден астам алимент төлеуден жалтарған азаматты анықтады.

Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау) әкімшілік бабы және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік (балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарды, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделгенін ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: