Ақтаудағы түтіндеген қоқыстың төбеден түсірілген видеосы

zakon.kz
Видеоны Ақтау қаласының тұрғыны Сергей Хачатрян жариялады.

Ақтаудағы қоқыс тастайтын жердің видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеоны Ақтау қаласының тұрғыны Сергей Хачатрян жариялады.

Құрылыс гипермаркетінің артындағы ашық аумақта қоқыс үйіндісі өртенді. Өрттің аумағы алдын ала болжам мәліметтері бойынша, 700 шаршы метрді құрады. Өртті 13 сағаттан астам уақыт бойы сөндірдік.

Сонымен қатар, қалалық ТЖБ бастығы Жандос Кенжебаев өрт жыл сайын 5-6 рет орын алатынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жер әкімдіктің қарамағында. Ақтау ТЖ басқармасы осындай проблема бар екенін бірнеше рет хабарлады, аумақ полигонға айналуда, қажетті шаралар қабылдау қажет, - деді ол "Астана" телеарнасына берген сұхбатында.

Сергей Хачатрян сонымен бірге өрт шыққан жерден бір шақырым жерде тағы бір стихиялық қоқыс пайда болғанын айтты.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды