Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған жүкті және бала емізетін әйелдерде антиденелердің азайғаны байқалады. Дьюк университетінің (Солтүстік Каролина) ғалымдары өз зерттеулерінде осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды zakon.kz.
Moderna, Pfizer, BioNTech вакциналарының алғашқы дозасынан кейін жүкті және бала емізетін әйелдерде антиденелер аз болды және жүкті емес әйелдерге қарағанда иммундық жауап әлсіз болды. Сондай-ақ, бала емізетін әйелдерде NK жасушаларының көбеюі байқалды, олар иммунитеттің жұмысына жауап береді, делінген ТАСС хабарламасында.
Science Translational Medicine журналының мақаласында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, зерттеуге қатысқан барлық емізетін және жүкті әйелдер вакциналаудан өтті, ғалымдар алғашқы вакцинадан кейін екпе иммундық реакцияның төмендеуіне әкелуі мүмкін деп санайды.
"Бұл нәтижелер жүктіліктің ерте кезеңдерінде салынған вакцина антиденелердің емшек сүті арқылы берілуін барынша арттыруға көмектесетінін білдіреді", - деп қорытындылады ғалымдар.
Бақытжан Отарбай