Ауғанстан экономикасы құрдымға кетеді – болжам

pixabay.com
Миллиондаған адам кедейлікке ұшырамақ.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ауғанстанның ЖІӨ-нің 30%-ға төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

ХВҚ Ауғанстан экономикасының құрдымға кетіп бара жатқанын айтады. Талибан билікті басып алғаннан кейін елдің ЖІӨ 30%-ға күрт төмендеуі мүмкін.

ХВҚ елге гуманитарлық емес көмек пен шетелдік активтердің тоқтатылғанын, сондай-ақ Талибан билікке келгеннен кейін ауған банктерінде қолма-қол ақшаның жетіспей жатқанын атап өтті.

"Бұл импорттың азаюына, ақшаның құнсыздануына, әрі өндірістің 20-30%-ға төмендеуіне әкеледі", – делінген қордың есебінде.

ХВҚ-ның Таяу Шығыс және Орталық Азиядағы департаменті басшысы Джихад Азур CNBC-ге берген сұхбатында Талибан Кабулда билікті басып алғанға дейін де елдегі жағдай мәз емес болғанын айтты.

Коронавирус пен құрғақшылық салдарынан ауған экономикасы бұған дейін де қиын жағдайда тұрған.

"Бізді уайымдататын мәселе – экономиканың күрт төмендеуі", – деді Азур.

Елдегі шешілмеген мәселелер азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келді. Миллиондаған адам кедейлікке ұшырамақ. Сондықтан ХВҚ "халықаралық қауымдастық тарапынан Ауғанстан халқына медициналық көмек көрсетілсе" дейді. Әрі білім беру саласында үлкен мәселелер шешілмей тұрғанын атап өтті ол.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды