Есеп комитетіне жаңа мүше сайланды

zakon.kz
Расул Рахимов "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі.

Сенат депутаттары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа мүшесін сайлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-бабының 1-тармақшасына сәйкес, Парламент Сенаты Төрағасының 2021 жылғы 13 қазандағы ұсынысы негізінде Қаржы және бюджет комитеті Рахимов Расул Нұрланұлын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындауды ұсынады, деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина палатаның жалпы отырысында.

Расул Рахимов "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі, шетелдік жоғары оқу орындарында оқыған, стратегиялық жоспарлау және талдау саласында жұмыс тәжірибесі бар.

Депутаттың айтуынша, сондай-ақ Индустрия және сауда министрліктерінде, Қазақстан Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген, онда өзін қойылған міндеттерді шешуге жауапты білікті басшы ретінде көрсеткен.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады