"Түркістан – Өскемен" әуе рейсі ашылды

Түркістан облысы ӨКҚ
Есесіне "Түркістан-Семей" әуе бағыты жабылды.

Түркістан халықаралық әуежайында "Түркістан – Өскемен" рейсі ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл түркі әлемінің рухани орталығында іске қосылған он алтыншы әуе бағыты. Бұған дейін іске қосылуы керек болған әуе рейсі Өскемен халықаралық әуежайындағы қайта құру жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған болатын.

Аталған әуе бағыты ашылған соң, жолаушылар легі төмен болатын "Түркістан-Семей" әуе бағыты жабылды.

Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz. probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті