Кедендік транзит тәртібіне сәйкес, Қазақстан аумағы арқылы өткізілетін тауарлар тасымалын электронды сүйемелдеу үшін навигациялық пломбалар қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл шара тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде және "жасыл" аймақта орналасқан қазақстандық импорттаушыларға қолданылатын болады, - деп атап өтті МКК.
Мұндай импорттаушылар мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізіміне енгізілген.
Комитет атап өткендей, электронды кедендік сүйемелдеу транзит кезіндегі кедендік операцияларды барынша жеңілдетеді, шекарадан өту уақытын қысқартады және "ашықтық" пен заңнама талаптарын сақтау қағидаттарына сай бизнес жүргізетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қаржылық шығындарды айтарлықтай төмендетеді.
Бұл шараны енгізу биыл қабылданған Көлік құралдарын электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидалары негізінде мүмкін болды.
Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде іріктелген және электрондық кедендік сүйемелдеу жүйесін таңдаған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тиісті кеден органына және "Silk Way monitoring" ЖШС айқындаған навигациялық пломбаларды қадағалау жөніндегі операторға жүгінуге құқылы, деп қорытындылады МКК.
Бақытжан Отарбаева