Путиннің Қырымды басып алатынын елестете алмадым – Меркель

pixabay
Бұл туралы Ангела Меркель Suddeutsche Zeitung басылымына берген сұхбатында айтты.

Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путиннің Қырымды оккупациялауға баратынын, ал Донбасста әскери қақтығысқа ұласатынын елестете алмайтынын айтты.

Оның айтуынша, он жыл бұрын Путиннің Бундестагта сөйлеген сөзінде ол Ресей президентімен "айтарлықтай келіспеушіліктер болатынын" түсінген.

Бұл туралы Ангела Меркель Suddeutsche Zeitung басылымына берген сұхбатында айтты.

Мысал ретінде Меркель Кремль басшысының Кеңес Одағының ыдырауы туралы көзқарасы туралы айтты.

Бұл Путин үшін "қайғылы оқиға" болды деді ол.

Ал Берлин мұны "қырғи-қабақ соғыстың аяқталуының, Германияның бірігуінің және Еуропа бірлігінің қуанышы" деп атайды.

"Мен қызметке кіріскенде, мен оның Қырымды аннексиялап алатынын және Украинаның шығысында – іс жүзінде Еуропалық Одаққа жақын жерде мұндай әскери қақтығыстар болады деп ойламаппын", - деді Ангела Меркель.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады