Қазақстан қор биржасында (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша, доллардың орташа бағамы 1,36 теңгеге төмендеп, 424,87 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ал Ресей рублі, керісінше, қымбаттады.
Айырбастау пункттерінде доллар 424,9–426,3 теңгеге, еуро – 495,5–497,5 теңгеге, ресей рублі – 6,03–6,08 теңгеге саудалануда.
Сонымен қатар, мұнайдың әлемдік бағасы 25 қазанда сауда-саттық барысында өсуде.
Желтоқсан айында WTI мұнай фьючерстері 0,96%-ға өсіп, барреліне 84,56 долларды құрады.
Желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,81%-ға барреліне 86,22 долларға дейін көтерілді.
Бақытжан Отарбаева